Жаңалықтар | Новости

ДДСҰ басшысы күзде жаңа пандемияға дайындалуға шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус күзде жаңа пандемияға дайындықты бастауға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ДДСҰ басшысы Женевада өткен брифингте мәлімдеді, оны ұйымның Twitter-дегі ресми парақшасы таратты.

«Келесі үш ай, жаңа пандемияға дайындықты қамтамасыз ету үшін, оған қарсы шараларды ұйымдастыру үшін маңызды кезең болады», — деді Гебрейесус.

ДДСҰ басшысы барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды, қорғаныс маскасын тағуды, мүмкіндігінше COVID-19 вакцинасын салдыру керек екені туралы айтты.

«ДДСҰ COVID-19-ға қарсы вакцинациямен қатар әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска тағу деген сияқты шараларды жалғастырып жатыр», — деді ол.

Сондай-ақ, Гебрейесус әлемде COVID-19 таралу деңгейі өте жоғары екенін айтты.

«Әлемде күн сайын COVID-19 жұқтыратырдардың саны тұрақтанды. Осыған дейін — 4,5 миллионнан аса ауру, 68 мың өлім тіркелді», — деп түсіндірді ол.

«Алайда, аймақтан аймақтың, елден елдің, қаладан қаланың ауруды жұқтыруы ерекшеленеді. Мысалы, кейбір аймақтар мен елдерде COVID-19 жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны күн сайын өсіп жатыр. Әзірге бұл вирус барлық жерде қауіп төндіріп тұр», — деп толықтырды Гебрейесус.

Комментарий