Жаңалықтар | Новости

Жазаларды орындау мекемесінің заңгері жас болса да, бас болып жүр

Жас келсе іске деген , жұмысқа тұрғанына жарты жылдан енді ғана асқан ЗК-169/1 мекемесінің заңгер маманы Ділдабек Сәнсәулет Дәуренұлы осы уақыт ішінде өзіне міндеттелген жүктемені толық орындап,біршама жұмыстардың орындалуына мұрындық болып келеді.
Басты міндеті, заңды құжаттарды дайындау. Олар : келісім шарт, талап қою арызы, жергілікті актілер, т,б. көптеген мекеменің заңдастыратын құжаттары болып табылады. Соның ішінде, негізгі міндеттерінің бірі, жеке тұлғалардың өтініштері бойынша атқарған жұмыстарын ерекше айтуға болады.
Нақтырақ айтар болсақ, сотталғандарды некеге тұрғызу өтініші негізінде, АХАЖ бөліміне бірлесе отырып, 4 азаматқа неке куәлігін алып берді. Жазалау орындарында некеге тұру сирек жайт . Алайда, бұндай жағдайларда неке тіпті көтермеленеді. Өйткені неке — қамаудағыны тәртіпке келтіріп, мерзімінен бұрын босатуға ынталандырады Сәнсәулеттің айтуы бойынша, істі болып, темірторға қамалғандардың өмірлік серіктерінің қыйын сәтте қолдап, махаббаттарын заңды түрде бекітуге келісім бергені, олардың бостандыққа шығуға деген құлшыныстарын арттырады. Содан ба, неке куәлігін ұсынғанда бұл азаматтар қуанып, мекеме басшылығы мен заңгеріне алғыстарын айтып жатады. Осы орайда, ЗК-169/1 тергеу изоляторында 3 жыл 6 айға сотталған С есімді жазасын өтеуші, қалыңдығымен некеге тұрып, неке қию туралы куәлігін алды.
— Мен, мекеменің заңгері Сансәулет Дәуренұлына алғыс білдіремін. Көңлім жарасқан жанмен некеге тұрып, заңдастырдым. Қамауда отырып, мұндай құқыққа қол жеткізгенім үшін қуаныштымын. Жас болса да, біраз шаруаны тындырып жүрген мекеме қызметкері еңбегінің жемісін көрсін демекпін, -деген болатын неке куәлігін алған сотталған .
Заңгердің жұмысына мекеме басшылығы да дән риза. Өйткені бұл маман, ең күрделі мәселеле, айыпталушылардың атындағы мүліктерді заңдастырды. Біліктілігінің нәтежиесінде күрделі істің де, күрмеуін шешіп, жемісті еңбек етіп келеді. Бүгінгі таңда 80-ге жуық сенімхат дайындады. Бұл сенімхаттар айыпталушылардың атындағы жылжымайтын мүліктері: үйі, жері және көліктері мен мүгедектігін алуы және кредиттерін тоқтату бойынша дайындалған құжаттар.
Сонымен қатар, сотта, мемлекеттік органдарда, ұйымның мүддесін таныстыру және қорғау барысында, нақты атқарған жұмыс нәтежиелері де баршылық. Нақтырақ айтсам, мекеменің Тыл бөліміне «АвтоСервисҚұрылыс5» жеке кәсіпкерінің келісім шарт бойынша жасалынған уақытта азық-түлік тауарын жеткізіп бермегендіктен сотқа беріліп, сот шешімі бойынша жеңіп шыққан болатын. Бұл да, заңгердің жас болса да, білгір өз ісін дұрыс ұйымдастыра білгенінің нәтежиесі.
— Менің бұл мамандықты таңдауыма мектепте оқып жүргендегі құқық пәнінің мұғалімінің әсері зор болды.Оның үстіне өзім де бала күнімнен білікті заңгер болып, қоғамдағы әлсіз жандар мен балаларды қорғағым келетін. Тоғызыншы сыныпта адам, қоғам, құқық пәнін оқығаннан бастап мен өз алдыма мақсат қойдым. Болашақ мамандығым жайлы көз алдыма елестетіп, еліміздің тұңғыш ата заңы мен оның баптарын жаттап біліп жүруді азаматтық борышым деп таныдым. Көп ізденіп, жоғарғы білім алып, енді міне, мемлекет алдындағы өз міндетімді атқарып жүрмін, — дегенді мақтанышпен сенімді түрде айтты өз мамандығын жанындай сүйетін жас заңгер.
Өмірдің мәні айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету –деп Аристотель данышпан айтқандай , әлі отызға да толмаған заң мекемесінің заңгерінің алар асуы, шығар бигі әлі алда деп ойлаймыз. Бастысы қайтсем, еліме пайдам тиер екен деп, жалындап тұр жас маман.

Комментарий