Жаңалықтар | Новости

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 6 358 жағдайы тіркелді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 358 жағдайы тіркелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 25 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы:

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 358 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 761 249-ға жетті», — делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында — 601,
  • Алматы қаласында — 1605,
  • Шымкент қаласында — 260,
  • Ақмола облысында — 263,
  • Ақтөбе облысында — 420,
  • Алматы облысында — 376,
  • Атырау облысында — 316,
  • Шығыс Қазақстан облысында — 211,
  • Жамбыл облысында — 193,
  • Батыс Қазақстан облысында — 161,
  • Қарағанды облысында — 821,
  • Қостанай облысында — 265,
  • Қызылорда облысында — 151,
  • Маңғыстау облысында — 190,
  • Павлодар облысында — 338,
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 110,
  • Түркістан облысында — 77.

Сонымен қатар, Қазақстанда 9 748 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласында — 866,
  • Алматы қаласында — 3314,
  • Шымкент қаласында — 607,
  • Ақмола облысында — 276,
  • Ақтөбе облысында — 614,
  • Алматы облысында — 556,
  • Атырау облысында — 539,
  • Шығыс Қазақстан облысында — 133,
  • Жамбыл облысында — 493,
  • Батыс Қазақстан облысында — 134,
  • Қарағанды облысында — 1054,
  • Қостанай облысында — 212,
  • Қызылорда облысында — 201,
  • Маңғыстау облысында — 230,
  • Павлодар облысында — 391,
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 108,
  • Түркістан облысында — 20.

Елімізде барлығы 641 249 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Вакцинаға келсек, 2021 жылғы 25 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 466 823 адам, 2-компонентін 5 152 752 адам салдырды.

2021 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:

  • «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
  • «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.

Комментарий