Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда COVID-19 жұқтыру дерегі айтарлықтай азайды

Қазақстанда COVID-19 жұқтыру дерегі айтарлықтай азайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. Бұған дейінгі тәулікте 6 314 адамнан коронавирус анықталса, оның алдында 6725 адамнан коронавирус анықталған еді.

«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 23 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы:

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 631 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 748 851 жетті», — делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында — 422,
  • Алматы қаласында — 1505,
  • Шымкент қаласында — 147,
  • Ақмола облысында — 274,
  • Ақтөбе облысында — 166,
  • Алматы облысында — 394,
  • Атырау облысында — 302,
  • Шығыс Қазақстан облысында — 173,
  • Жамбыл облысында — 225,
  • Батыс Қазақстан облысында — 58,
  • Қарағанды облысында — 860,
  • Қостанай облысында — 272,
  • Қызылорда облысында — 97,
  • Маңғыстау облысында — 242,
  • Павлодар облысында — 312,
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 131,
  • Түркістан облысында — 51.

Қазақстанда 7 184 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласында — 628,
  • Алматы қаласында — 1390,
  • Шымкент қаласында — 891,
  • Ақмола облысында — 263,
  • Ақтөбе облысында — 336,
  • Алматы облысында — 308,
  • Атырау облысында — 544,
  • Шығыс Қазақстан облысында — 70,
  • Жамбыл облысында — 220,
  • Батыс Қазақстан облысында -54,
  • Қарағанды облысында — 1126,
  • Қостанай облысында — 149,
  • Қызылорда облысында — 203,
  • Маңғыстау облысында — 223,
  • Павлодар облысында — 419,
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 137,
  • Түркістан облысында — 223.

Елімізде барлығы 623 000 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Вакцинаға келсек, 2021 жылғы 23 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 413 010 адам, 2-компонентін 5 070 640 адам салдырды.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 24 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды:

  • «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
  • «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.

Комментарий