Жаңалықтар | Новости

Мектепке мейірімді жол акциясы өткізілді

БҚО бойынша ҚАЖ Департаменті Орал қалалық пробация қызметінің аға инспекторлары А.А.Жалмухамбетов және «Арман-Орал қайырымдылық қорының» еріктілері А.Е.Сулейменов және Д.Н. Даукеновамен бірлесіп «жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен» отбасыларына көмектесу мақсатында «мектепке мейірімді жол акциясын» өткізді. Шара барысында Орал қаласында тұратын А. есімді азаматшаның үйіне барып мектеп жасындағы балаларына қажетті құрал жабдықтарымен қамтамасыз етуге көмектесті.

Пробация қызметімен алдағы уақытта қайырымдылық жұмыстары қоғамдық қорлармен және өзге де ұйымдармен бірлескен жұмыстары жалғасын таба бермек.

 

БҚО бойынша ҚАЖ Департаменті Орал қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты С.Д. Джумагазиев

Комментарий