Қоғам | Общество

Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкерлері қайтыс болды

Полицейлер мінген қызметтік көлік пен көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар Алматы – Екатеринбург тасжолында жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды https://kaz.tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Тасжолдың 380-шақырымында SsanYong маркалы автокөлік аударылғаны туралы хабар Жамбыл облыстық полиция департаменті кезекші бөліміне 13 шілдеде 17:35-те түскен.  “Жол-көлік оқғиасы салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері және бір Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзғандарды жеткізу кезінде болған”, – делінген хабарламада.  Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (“Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы”) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Комментарий