Жаңалықтар | Новости

Диктант жұмысынан жоғары нәтиже көрсеткен мекеме қызметкерлері марапатталды

Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлерінен «Қос ішек» тақырыбында онлайн диктант жұмысы алынған болатын.

Іс-шараның мақсаты мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту,тіл сауаттылығын арттыру, яғни орфографиялық тіл нормаларына мән бере отырып, сауатты мемлекеттік қызметкер болуға талпындыру болып табылады. Қазақ тілінің граматикасын қаншалықты меңгергендігін көрсеткен бұл мәтін, оларға қиындық тудырмады.
Диктант нәтижесіне сәйкес, А.Яхияева, Д.Оспанов, М.Табылғанова, А.Ботпанованың жазба жұмыстары үздік деп танылды, сонымен қатар Ә.Жакаев, Р.Бектұрған, А.Жүсіпбек алғысқа ұсынылды. Жоғарыда аталған қызметкерлер Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ директорының арнайы дипломымен және алғыс хатымен марапатталды.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий