Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 21-23 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына әсерін сақтайды. Негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-шығыс пен батыстан фронталь бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.

«Оңтүстік өңірлерде құмды дауылмен жел күшейеді. Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта — 23…35 градус, оңтүстік және оңтүстік-шығыста — 28…39 градус, шығыста — 17 … 28 градус болады. Елдің батысында әлі де ыстық ауа райы сақталады және сынап бағанасы 33 … 41 градусты көрсетеді», — делінген хабарламада.

Комментарий