Жаңалықтар | Новости

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК СОТЫМЕН МЕДИАЦИЯ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ КЕЛІСІМ БЕКІТІЛДІ

⚖   Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен Т. азаматы және Шымкент қаласы Әділет департаментінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы арасында медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

⚖   Талап қоюшы сот орындаушының әрекетімен келіспей, алимент бойынша қарыз берешекті есептеу  туралы қаулының  күшін жою жөніндегі талап арызымен сотқа жүгінген.

⚖    Істі алдын-ала  тыңдау кезінде, судья шағым негіздері бойынша өзінің алдын-ала пікірін тараптарға жеткізді. Содан кейін тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқандарын мәлімдеп, оның шарттарына сай жауапкер даулы қаулының күшін жойып, талап қоюшының алимент бойынша берешек қарызын қайта есептеу туралы қаулы шығаратынын жөнінде мәмілеге келген.

⚖   Әкімшілік рәсімдік — процестік кодексінің 16 бабына сай, сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі арқасында және судьяға істің мәні бойынша алдын-ала пікірін айту құқығы енгізілуіне байланысты, дауларды тез және тиімді шешуге мүмкін болды.

⚖    Тараптарға өткізілген рәсім және келісімді бекіту салдары түсіндірілді. Қаралған іс бойынша келісімді бекітуге кедергі болған жоқ.

⚖   Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөзі

Комментарий