Жаңалықтар | Новости

Қазақстан өңірлеріндегі білім сапасында алшақтық бар — министр

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан өңірлері арасындағы білім сапасы бойынша алшақтық туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«PISA 2018 нәтижелері ауылдық және қалалық мектептер арасында ғана емес, сонымен қатар әртүрлі өңір арасында да білім сапасында алшақтық бар екенін көрсетті. Әрине, бұл алаңдайтын жағдай», — деді министр білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясында.

Оның айтуынша, мысалы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарындағы қалалық мектептердегі білім сапасының көрсеткіштері Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы ауылдық мектептерден төмен.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің басшысының айтуынша, Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы қала мен ауыл мектептері арасындағы білімде айтарлықтай алшақтық бар.

«Атырау облысының мектеп оқушылары PISA-ның барлық үш пәні бойынша (математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығы) республикада ең төменгі балл жинады және басқа өңірлердегі құрдастарынан едәуір артта қалды. Осыған қарамастан, Атырау облысындағы студенттердің жартысынан көбі қала мектептерінің оқушылары», — деп қосты министр.

Комментарий