Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 139 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 139 адам қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сілтеме жасап.

ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен (КВИ+) 121 науқас қайтыс болды, ал теріс нәтижемен 18 пациент COVID-19 белгілері бар пневмониядан (КВИ -) қайтыс болды.

Сондай-ақ, бір тәулікте пневмониямен ауыратын 421 адам тіркелген.

Сондай-ақ, 19 тамыздағы мәлімет бойынша 121 113 адам коронавирус инфекциясынан (115 764 КВИ+ және 5 349 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 30 286 пациент стационарда,
  • 90 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 856 адамның жағдайы ауыр,
  • 540 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 265 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Комментарий