Жаңалықтар | Новости

Қант диабеті мен семіздік көбейді: Қазақстанда тәтті сусындар өндірісі қысқармақ

Соңғы уақыттары ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнес өкілдері  үкімет тарапынан қысым көбейгенін айтады. Ашынған кәсіпкерлер денсаулық сақтау министрлігінің елдегі семіздік пен жұқпалы емес аурeлардың артуын шырынды сусындардан көруі шындыққа жанаспайды дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Айта кетсек, бұдан біраз бұрын жауапты министрлік тәтті шырындар жүрек ауыры, қант диабеті мен семіздікке қатысты көрсеткішке кері әсерін тигізіп жатқанын айтқан еді. Соған сәйкес 2023 жылы 20 пайыздан бастап үш жыл ішінде 45 пайызға дейін мөлшермен құрамында қант бар сусындарға акциздер енгізуді ұсынған болатын.

Алайда, тағы да бас көтерген кәсіпкерлер негізсіз қадам дамушы салаға кері әсерін тигізеді дейді. Табыс азайып, өндіріс көлемі қысқарады деп алаңдағандар негізгі салада 2 мыңнан астам, ал аралас салада 17 мыңға жуық адам жұмыссыз қалатынын айтады.

Жаңа жанама салықтың кемшілігін тізбелегендер халық денсаулығын жақсартудың басқа жолын іздеу керек деп есептейді.

“Елімізде құрамында қанты бар сусындарды тұтыну қазақстандықтардың денсаулығы қатты кері әсерін тигізіп жатыр деген байлам жасалған. Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат. Өткені, сауықтыру мақсатындла осы салық енгізілген елмен салыстырсақ біздегі көрсеткіш төмен. Мәселен, Қазақстанда жан басына 49,6 литр тұтынса, АҚШ-та 287 литр, ал Германияда 300 литрден келеді. Оған қоса құрамында қанты бар өзге өнімдер мен қанттың өзі ескерілмеген”, — дейді алкогольсіз сусындар мен шырындар өндірушілер қауымдастығының президенті Әлия Мамытбаева.

Комментарий