Жаңалықтар | Новости

Қазақстандықтар дүкендер мен базарларда 5,3 триллион теңгеге сауда жасаған

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елдегі бөлшек сауда көлемі 5,3 триллион теңгеге жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 15,9 пайызға көп, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz мониторингтік жобаға сілтеме жасап.

Мониторинг деректері бойынша, 3,4 триллион теңге шағын бизнеске, оның ішінде 1,7 триллион теңге — жеке кәсіпкерлерге, соның ішінде базарда сауда жасайтындарға тиесілі. Тағы 1,3 триллион теңге ірі бизнестікі, 644,2 миллиард теңгені орта бизнес алып отыр.

Қазақстандықтар азық-түлікке 1,9 триллион теңге жұмсады, ал азық-түлік емес тауарларға бөлшек саудада 3,5 триллион теңге тиесілі.

Бөлшек сауданың барлық көлемінің үштен бір бөлігі Алматыда жасалған — 1,7 триллион теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,3 пайызға артық. Нақты өсім 15,9 пайыз.

Көшбасшы өңірлердің үштігін Нұр-Сұлтан да кірді — 609,1 миллиард теңгеге сауда жасалған, бұл былтырдан 6,9 пайыз көп және Шығыс Қазақстан облысы — 486,4 миллиард теңге, бұл плюс 5,2 пайыз.

Алматыдан басқа, бөлшек сауда көлемінің ең үлкен жылдық өсімі Маңғыстау облысында — 10,1 пайызға 96,4 миллиард теңгеге дейін, Шымкентте — 9,6 пайызға 198,5 миллиард теңгеге дейін тіркелді.

2020 жылы бөлшек сауда көлемі 11,7 триллион теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға артық. Оның 35 пайызы немесе 4,1 триллионы азық-түлік болды. Көбіне сусындар, оның ішінде алкоголь (681,9 миллиард теңге), ет (624,7 миллиард теңге), сүт өнімдері мен жұмыртқа (495,7 миллиард теңге) көп сатылды.

Азық-түлік емес тауарлар бөлшек сауданың жалпы көлемінің 65 пайызы немесе 7,6 триллион теңге болды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,8 пайызға аз. Мұнда ең көбі киім (891,1 миллиард теңге), жаңа жеңіл автомобильдер (634,2 миллиард теңге) мен электр тұрмыстық құралдар (496,8 миллиард теңге) сатып алынды.

Комментарий