Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 154 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 11 тамыздағы ақпарат жарияланды. 1 808 науқас ауыр, 451 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.

11 тамыздағы мәлімет бойынша, 112 843 адам коронавирус инфекциясынан (108 824 КВИ+ және 4 019 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 30 181 пациент стационарда,
  • 82 662 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 1 808 адамның жағдайы ауыр,
  • 451 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 215 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 11 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.

«9.08.2021 жылы коронавирус белгілері бар пневмонияның 588 жағдайы және 24 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 201 адам емделіп шықты», — делінген хабарламада.

2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар — 64065, 3949 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 56097-ге жетті.

Комментарий