Жаңалықтар | Новости

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып келеді — Цой

Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталғаны байқалады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстанда апталық өсім 10 пайыз болды. Елде «дельта» штамының анықталуына байланысты сырқаттанушылық артты. Бірақ тамыздың басынан бері Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының таралу қарқыны баяулағаны және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғаны байқалады», — деді Цой үкімет отырысында.

Комментарий