Жаңалықтар | Новости

Сотталғандар Абайға арналған іс-шарадан рухани азық алды

10 тамыз А.Құнанбаевтің туған күніне орай, ЗК-169/1 тергеу изоляторында АКАӘПТЖБ- нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Абайды оқы, таңырқа » деген тақырыпта іс-шара өтті.

Мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған соталған азаматтардың қатысуымен болған бұл іс-шарада, олар ақынның өмір жолы мен  шығармалары жайында жан-жақты ой қозғады. Олардың бірі өлеңдерін мәнерлеп оқыса, енді бірі қара сөздерінің мағынасына бойлап, өз-өзін танып білді.Тіптен бір сотталған М.Әуезовтың  « Абай жолы » романын оқығанын айтып, алған әсерімен бөлісті.

— « Абай жолы»  романын екінші қайтара оқыдым. Өйткені мұнда бос уақытым көп болады. Романдағы Құнанбай образы ұнады. Абай жолы, қазақтың жолы екенін білдім. Бұл эпопея, халқымыздың бүкіл салт-дәстүрін насихаттайды екен. Бейне бір тарихи сериял көргендей әсерде жүрмін- деп,  С есімді сотталған алған әсерімен бөлісіп, романнан үзінді оқып берді.

Келесі бір жазасын өтеуші азамат:

— Мен, кітапханадан ақынның өлеңдер жинағын алып оқыдым.Ақынның

« Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» және «Адасқанның алды –жөн, арты-соқпақ » деген өлеңдерінде айтылғандай, шынында да, мен арзан ойынға қызығып, қылмыс жасадым. Қыйсық соқпаққа түсіп, адасып кеттім. Енді міне, соның жазасын өтеудемін-деп, өз ісіне өкінетіндігін білдірді.

— Маған Абайдың  «Отыз алтыншы қара  сөзі» ұнады. Онда, «Ұят деген –адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қылмысының аты деген жолдары ұнады. Қылмыстың өтеуі- жаза. Жазап өтеп, бостандыққа шыққан соң,Абай айтқандай, адал жолмен мал тауып, өмір сүремін- деді келесі бір, хакім Абайдың қара сөздерін оқыған сотталған.

— Ия, шынында да, Абай «Ойға түстім, толғандым Өз мінімді қолға алдым», – дегендей, бұл іс-шараның сотталғандар үшін тәрбиелілік мәні зор болды. Өйткені олар, ақын шығармалары арқылы  өз-өзін танып, өз міндеріне сыни қарап адамгершілік қасиеттер мен « толық адам » қандай болу керектігі жайлы толғанысқа түсіп, біраз рухани азық алды- деп ойлаймын – деді мекеменің АКАӘПТБ-нің бастығы, әділет аға лейтенанты А.Тұрымбетов.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий