Жаңалықтар | Новости

ШАРЫН ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ЭКОРЕЙД ӨТКІЗІЛДІ

«Шарын шатқалы — сарайлар алқабы» туристік бағытында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында «Табиғат тағдыры – біздің қолымызда!» атты экорейд өткізілді. Экоакция барысында келушілерге туристік маршруттарда санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау туралы түсіндірме парақшалар таратылды, сондай-ақ аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді.

Оған парк қызметкерлері, Алматы облысы Ұйғыр аудандық полиция бөлімшесі қызметкерлері мен еріктілер атсалысты. Сондай-ақ Қазақстанның Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева да қатысты.

«Табиғат-біздің үйіміз, байлығымыз. Адам өз үйін таза ұстайды, ауласын тазалайды. Сондықтан табиғатқа да осылай қарау керек», — деді Р. Рымбаева.

Рейд кезінде туристің белгіленбеген жерге қоқыс тастау фактісі тіркелді. Инспектор әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Сонымен қатар, туристер тобына саябақта тыйым салынған өзенге шомылуға байланысты маршруттарда белгіленген ережелерді сақтау қажеттілігі туралы ескертілді.

Комментарий