Жаңалықтар | Новости

Өткен тәулікте Қазақстанда 7 235 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте Қазақстанда 7 235 адам коронавирус жұқтырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 09 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы:

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 235 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 649 120-ға жетті», — делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  •  Нұр-Сұлтан қаласында — 1161,
  •  Алматы қаласында — 1486,
  •  Шымкент қаласында — 570,
  •  Ақмола облысында — 263,
  •  Ақтөбе облысында — 223,
  •  Алматы облысында — 170,
  •  Атырау облысында — 627,
  •  Шығыс Қазақстан облысында — 220,
  •  Жамбыл облысында — 100,
  •  Батыс Қазақстан облысында — 54,
  •  Қарағанды облысында — 1061,
  •  Қостанай облысында — 248,
  •  Қызылорда облысында — 228
  •  Маңғыстау облысында — 177,
  •  Павлодар облысында — 286,
  •  Солтүстік Қазақстан облысында — 156,
  •  Түркістан облысында — 105.

Сондай-ақ, Қазақстанда 7 702 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласында — 2094,
  • Алматы қаласында — 876,
  • Шымкент қаласында — 269,
  • Ақмола облысында — 195,
  • Ақтөбе облысында — 366,
  • Алматы облысында — 623,
  • Атырау облысында — 284,
  • Шығыс Қазақстан облысында — 67,
  • Жамбыл облысында — 315,
  • Батыс Қазақстан облысында — 121,
  • Қарағанды облысында — 942,
  • Қостанай облысында — 409,
  • Қызылорда облысында — 290,
  • Маңғыстау облысында — 161,
  • Павлодар облысында — 373,
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 131,
  • Түркістан облысында — 186.

Елімізде барлығы 533 329 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Комментарий