Қоғам | Общество

Атаулы әлеуметтік көмекті алатындардың саны қысқарады – Бердібек Сапарбаев

Cапарбаев коттеджі бар азаматтардың жәрдемақы алып келгенін айтты, – деп хабарлайды КТК тілшісі.  Атаулы әлеуметтік көмекті алатындардың саны қысқарады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Министр жәрдемақыны тіптен 3 қабат үйлері бар азаматтардың алып келгенін алға тартты. Мамандар өңірлерде бірталай заң бұзушылықты анықтаған. Қазір Қазақстанда 291 мың отбасы, яғни 1 миллион 450 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алады. Оларға осыған дейін 87 миллиард теңге төленген. Ең қызығы жәрдемақыны алатындардың 38 пайызы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары. Айта кетейік, 1 сәуірден кедейшілік шегі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен отбасыларға 20 789 теңгеден төлене бастады.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ataulyi-aleumettk-komekt-alatyindardyin-sanyi-kyiskaradyi-299529/

Комментарий