Жаңалықтар | Новости

«Қоңыр-қызыл» аймақтағы бизнес нысандарының жұмыс уақыты ұзарды

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 9 тамыздан бастап «қоңыр-қызыл» аймақтағы бизнес нысандардың жұмыс уақыты қалай өзгеретінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет мәліметінше, Қазақстан бас мемлекеттік санитария дәрігерінің соңғы №33 «Кәсіпкерлік нысандарға Ashyq жобасын қосы туралы» соңғы қаулысына сәйкес, Ashyq «көшбасшысы» мәртебесі бар нысандарға 9 тамыздан бастап «қоңыр-қызыл» аймақта сағат 00.00-ге дейін, басқа нысандарда (Ashyq қатысушылары үшін) — сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Бұған дейін № 33 қаулыдағы 4-қосымша бойынша, өңірлердегі Ashyq-қа қосылған нысандар «қоңыр-қызыл» аймақта жұмыс күндері тек 20.00-ге дейін жұмыс істеді. Мұндай өңірлерге бес қала: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды кірген болатын. Бұл өңірдің санитария дәрігерлері жобаға қатысушыларға қатысты карантин шараларды күшейте алмайды.

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті № 33 қаулының 8-тармағы 3-тармақшасын басшылыққа алатындығын растады, ол бойынша 9 тамыздан бастап барлық нысанның Ashyq-тағы жұмысы, сауда орталықтарын қоса алғанда ұзарады.

Ведомство мәліметінше, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені бағалау матрицасының өлшемі «қоңыр-қызыл» аймақта бір апталық кезең ішінде қауіп-қатердің шекті деңгейі (инфекциялық төсектердің толу көрсеткіші 70 пайыздан жоғары немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 200 төсектің толуы) саналады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда СОО жұмыс уақыты 6 тамыздан бастап 22.00-ге дейін ұзарды.

Комментарий