Жаңалықтар | Новости

ПСЖ Мессидің таныстырылымы үшін Эйфель мұнарасын жалға алды — БАҚ

Францияның «Пари Сен-Жермен» футбол клубы (ПСЖ) аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің таныстырылымы үшін Эйфель мұнарасын жалға алған. Бұл туралы халықаралық БАҚ-та жазылып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lance басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы алғаш рет El Chiringuito спорт бағдарламасының журналисі Хосе Альварес мәлім етті. Ақпарат бойынша, футболшының таныстырылымы 10 тамызда өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, 2017 жылы ПСЖ «Барселонадан» француз клубына трансфер жасаған Неймардың таныстырылымы үшін де мұнараны жалдаған болатын.

The Guardian журналисі Фабризио Романо Франция клубы Аргентина жұлдызымен келісімшартқа қол қоюға жақын екенін айтты. Келісім 2023 жылдың маусымына дейін жарамды.

Испан газеті мәліметінше, ПСЖ Мессиді алғысы келетін жалғыз бәсекеге қабілетті клуб. «Манчестер Сити» футболшыны клубқа алу ниеті жоқ екенін жеткізді. Мессидің ПСЖ-ге ауысу туралы мәмілесі бұзылса, бұл үлкен жаңалық болады.

Еске салайық, алдыңғы аптадан бері Лионель Месси «Барселонадан» кетіп, «ПСЖ»-ға ауысатыны айтылып жүр. Тіпті жаңа клубтағы жалақысы да аталған еді.

Айта кетейік, Лионель Месси «Барселонада» 2000 жылдан бері ойнап келеді келеді және 2003 жылдан бері негізгі құрамда өнер көрсеткен. Ол Испания чемпионатында 10 жеңіс, Испания Кубогі мен Суперкубогінде 7 реттен, Чемпиондар Лигасында 3 рет, Еуропа Суперкубогінде және клубтық ӘЧ-де 3 рет чемпион атанған.

Комментарий