Жаңалықтар | Новости

Түркістан облысы «сары» аймаққа өтті

2021 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Түркістан облысы.

Айта кетейік, өткен тәулікте Түркістан облысында 144 адам коронавирус жұқтырған. 106 адам айығып шыққан.

Комментарий