Жаңалықтар | Новости

«Қазақстандық бауырларымызға алғыс айтамыз» — Түркия СІМ

Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мырзамен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Түркияның шетелдік ведомствосы мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Чавушоглу Қазақстанға Түркиядағы орман өртін сөндіруге көмектескені үшін алғыс айтты.

«Қазақстандық бауырларымызға ынтымақтастық пен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз», — деп жазылған Түркия Сыртқы істер министрлігінің Twitter-парақшасында.

Қазақстан тарапы жауап ретінде орман өрті басталған Манавгат қаласында «Қазақстан-Түркия достық орманын» құруды ұсынды.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 7 тамызда «Қазавиақұтқару» АҚ-ның суағар құрылғылары бар Ми-8 АМТ екі тікұшағы және орман өртін сөндіруге көмек көрсету үшін 16 құтқарушы Түркияға жіберілгені хабарланған болатын.

Комментарий