ДетективЕлең еткізер | АктуальноЖаңалықтар | НовостиКОНКУРС ДЕТЕКТИВ

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСЫҢЫЗ!

Әр байқаудың мақсаты, межесі бар. Қазіргі шырқалып жүрген патриоттық әннің, алдаспан жырдың, көркем шығарманың біразы сол байқауларда дүниеге келген. Байқау – ой қозғаушы, шабытты қамшылаушы. Сондықтан мұндай шығармашылық додаларды өткізіп, сынақты түрлендіріп, жандандырып отырудың маңызы зор. Биылғы детектив шығармалар байқауының да шартына біраз өзгеріс енгізуіміздің себебі осы.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тұспа-тұс келген байқау жүлдегерлерін бұл жолы қасиетті Түркістанда анықтамақпыз. Соған орай түркістандық судьялардың еңбегін шығармаларға өзек етсек, деректі детективті дамытуға қадам жасасақ дегенбіз. Байқаудың өн бойына қан жүгіртсек әрі осы өңірдің
шытырман шығарма шеберлерін ынталандырсақ деген де ойымыз болды. Мұндай қадамға баруымыздың тағы бір себебі:
Біріншіден, кейбір үміткерлер бұрын жазған дүниелерін қайталап жібереді. Тіпті биыл жүлде алмаған шығармасын келесі жылы бәйгеге қосқандар да болды.
Екіншіден, қырық жыл бұрын жазған кітабынан үзінді ұсынғандарды да көрдік.
Үшіншіден, біреудің шығармасын сәл өзгертіп жолдағандар да бар. Ал мына шарт – байқауға жаңа туындылар жаздыруға таптырмас мүмкіндік. Әрі ол үшін арнайы жүлде де қарастырылған. Сондықтан, қаламдарыңызды сайлап, шабыттарыңызды шақыра беріңіздер!
Ескерте кетейік, БҰЛ БАСҚА ТАҚЫРЫПТАҒЫ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУҒА ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ ДЕГЕН СӨЗ ЕМЕС!!!
Біздің байқау үшін жазылған, ең мықты, ең шебер, ең көркем шығарма иесі – ЖҮЛДЕГЕР болады! Шығармаларыңызды «Байқауға!» деген белгімен zangazet@mail.ru поштасына жолдаңыздар

Комментарий (1)

  1. Байқауға материал қабылдау қай кезге дейін?

Комментарий