Жаңалықтар | Новости

Сотталғандармен кездесу өтті

Православие діні –Қазақстанда дінге сенушілерінің саны бойынша исламнан кейінгі екінші діни бағыт. Православие діні елімізде Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуы кезіндегі әскери қоныстарда пайда болып, Православ шіркеуінің мүшелері форумдар барысында, конференциялар,  әртүрлі деңгейдегі дөңгелек үстелдердің де тұрақты қатысушысы болып табылады.  

Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті  ЗК- 169/5   жазасын өтеп жатқан азаматтар арасындағы  православие дінін ұстанушы  8  сотталғанға Байқоңыр қаласындағы православие шіркеуінің діни қызметкерлері Сергей Бычков Николаевич, Харченко Михаил Сергеевич келіп, дәріс өткізді. Дәріс барысында  дін қызметкерлері христиан дінінің дамуы, оның бағыттары туралы  толық     мәлімет берді.

Дәріс соңында қатысушы сотталғандар дін қызметкерлеріне көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Комментарий