Жаңалықтар | Новости

6 тамызда қазақстандық 11 спортшы жарыс жолына шығады?

6 тамызда қазақстандықтар жеті спорт түрінен жарыс жолына шығады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балуан Данияр Қайсанов қола медаль үшін белдеседі. Сондай-ақ, Дәулет Ниязбеков пен Әлішер Ерғали бозкілемге шығады.

6 тамыздағы сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):

Байдарка мен каноэде есу. Жұптық. Екілік. 500 метр
06:37. Светлана Усова, Маргарита Торлопова

Байдарка мен каноэде есу. Ерлер. Жекелей. 1000 метр
06:52. Сергей Емельянов

Көркем гимнастика. Көпсайыс. Іріктеу
07:20. Алина Әділханова

Еркін күрес. Ерлер. 1/8 финал
08:30. 65 кг. Дәулет Ниязбеков — Алехандро Вальдес (Куба)
08:30. 97 кг. Әлішер Ерғали — Мохаммед Фардж (Алжир)

Әйелдер күресі. 50 келі. 1/8 финал
08:30. Валентина Исламова — Люсия Йепес (Эквадор)

Заманауи бессайыс. Әйелдер
11:54. Елена Потапенко

Жеңіл атлетика. Спорттық жүріс. 20 шақырым. Әйелдер
13:30. Айман Ратова

Каратэ. Ерлер, 75 келі. 
14:00. Нұрқанат Әжіқанов

Еркін күрес. Ерлер, 74 келі. 3-орын үшін
15:50. Данияр Қайсанов.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Кейін боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаев пен каратэші Дархан Асәділов те қола жүлде еншілеген.

Комментарий