Жаңалықтар | Новости

COVID-19 статистикасы: Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауру жұқтырғандар саны теңесті

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 769 жағдайы тіркелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарына сілтеме жасап.

«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 05 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы:

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 769 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 618 513-ке жетті», — делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  •  Нұр-Сұлтан қаласында — 1507,
  •  Алматы қаласында — 1507,
  •  Шымкент қаласында — 549,
  •  Ақмола облысында — 260,
  •  Ақтөбе облысында — 387,
  •  Алматы облысында — 300,
  •  Атырау облысында — 340,
  •  Шығыс Қазақстан облысында — 305,
  •  Жамбыл облысында — 173,
  •  Батыс Қазақстан облысында — 168,
  •  Қарағанды облысында — 1038,
  •  Қостанай облысында — 265,
  •  Қызылорда облысында — 194,
  •  Маңғыстау облысында — 200,
  •  Павлодар облысында — 303,
  •  Солтүстік Қазақстан облысында — 160,
  •  Түркістан облысында — 113.

Сонымен қатар, Қазақстанда 7 696 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласында — 1887,
  • Алматы қаласында — 2108,
  • Шымкент қаласында — 582,
  • Ақмола облысында — 189,
  • Ақтөбе облысында — 166,
  • Алматы облысында — 255,
  • Атырау облысында — 258,
  • Шығыс Қазақстан облысында — 109,
  • Жамбыл облысында – 224,
  • Батыс Қазақстан облысында — 34,
  • Қарағанды облысында — 911,
  • Қостанай облысында — 202,
  • Қызылорда облысында — 217,
  • Маңғыстау облысында — 128,
  • Павлодар облысында — 144,
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 145,
  • Түркістан облысында — 137.

Елімізде барлығы 507 661 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Вакцинацияға келсек, 2021 жылғы 5 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 634 981 адам, 2-компонентін 4 231 204 адам салдырды.

Комиссия 2021 жылғы 6 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.

Комментарий