Жаңалықтар | Новости

Жапонияда COVID-19 жұқтыру дерегі күрт көбейді — министр

Жапонияның көп ауданында коронавирус жұқтыру дерегі бұрын-соңды болмаған қарқынмен өсіп жатыр. Бұл туралы экономиканы қалпына келтіру министрі Ясутоси Нишимура мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Japan Times газетіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, соңғы апталарда COVID-19 кластерлері бұрын сирек кездесетін дүкен, шаштараз және мектептерде көбейіп жатыр.

«Елдің көп ауданында коронавирус бұрын-соңды болмаған қарқынмен өсіп жатқанын байқаймыз. Елдің астана аймағында ғана емес, Кансай аймағы мен Кантоның солтүстік аймағынан бастап, бүкіл ел бойынша жаңа инфекциялар саны бұрын-соңды көрмеген қарқынмен өсті», — деді Нишимура.

Сондай-ақ, ел билігі короновирус инфекциясы Токиода рекорд — 3865 дереке, Канагавада — 1164 дерек, Сайтамада — 864 дерек және Чибада — 506 дерек тіркелгенін айтты.

Ұлттық жұқпалы аурулар институты Үндістанда анықталған «дельта» штамы қазіргі уақытта Токио аймағындағы инфекцияның шамамен 70 пайызы деп болжаған.

Жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшылар егер вирус қазіргі қарқынмен тарала берсе, екі аптадан кейін Токиода күніне 4500 жағдай тәркелуі мүмкін деп болжайды.

Айта кетейік, вирустың өсуіне байланысты 2 тамыздан бастап Сайтама, Чиба, Канагава және Осака префектураларында төтенше жағдай режимі енгізілді, ал Хоккайдо, Ишикава, Киото, Хего, Фукуокада коронавируспен күресу үшін күшейтілген шаралар режимі 2 тамыздан 31 тамызға дейін енгізілді. Токио мен Окинавада төтенше жағдай режимі 31 тамызға дейін ұзартылды.

Комментарий