Жаңалықтар | Новости

Пробация есебіндегі 4 азамат жеке кәсібін ашты

Қазіргі таңда, Шиелі аудандық пробация қызметімен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмыстары нәтижесінде, аудандық пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпкерлікке бет бұрып отыр. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде,   Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Шиелі аудандық пробация есебіндегі азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алды.  Ол қайтарымсыз грантқа қол жеткізу үшін «Кәсіпкерлік негіздері» курсын  тәмамдап, бизнес жоспар құрып, нәтижесінде шілде  айында 583 400 теңге көлеміндегі қаражатқа қол жеткізді.

Шиелі аудандық пробация қызметінің инспекторы бастығы әділет майоры Қ.Байгенжеевтің айтуынша жыл басынан пробация есебіндегі төрт сотталған азаматқа  мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант берілген. Оның бірі кондитер өнімдерін шығаратын шағын цех ашса, қалған үшеуі мал шаруашылығымен айналысып,   ел игілігіне жұмыстарын жасауда.

Мемлекет тарапынан жасалып жатқан бұндай көмектер пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіру процесіне зор көмегін тигізуде.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий