Жаңалықтар | Новости

Сотталған азаматтар музей экспонаттарымен танысты

Қармақшы аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі 10-нан астам азаматты аудандық тарихи-өлкетану музейіне алып барды.

Музейдің ғылыми қызметкері  есептегі азаматтарды жылы шыраймен қарсы алып,  «Өлке тарихы»,  «Тәуелсіз Қазақстан» залындағы  Шірік-Рабат, Бәбіш Мола, Баланды қалашықтары,ортағасырлық ескерткіштер Сырлытам кесенесі, Еламан мұнарасы, Марал ишан, Қалқай ишан, Қорқыт ата кесенесі жайлы толық мағұлмат берді. Сонымен бірге, музейдің экспозициялық залдарында Сыр өңірінің алғашқы зерттеушілері- орыс ғалымдарының зеттеу жүргізген еңбектері, Қармақшы ауданы бойынша барлық сала майталмандары мен ардагерлері туралы да айтып өтті.

«Музейге экскурсия жасау барысында тарихи құнды, өзіндік маңызы бар қаншама экспонаттармен таныстық. Ауданымыздың тарихынан сыр шертетін  залдарды аралап,  артына өшпес мұра қалдырған өлкемізде өмір сүрген би-шешендер,батырлар өнер иелері туралы мол мағұлмат алдық. Музейден үлкен әсер алып, рухани тұрғыда байып қайттық. Осы шараны ұйымдастырған пробация қызметкерлерімен музей қызметкерлеріне алғысы шексіз»,-деді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Комментарий