Жаңалықтар | Новости

Токио Олимпиадасы: 3 тамызда кімдер жарысқа шығады?

3 тамызда қазақстандықтар Олимпиаданың бес спорт түрінен жарыс жолына шығады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ертең қазақстандық төртінші балуан Нұрсұлтан Тұрсынов бақ сынасады. Сондай-ақ, боксшылар Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Ал Милад Карими биылғы Олимпиададағы үшінші финалында өнер көрсетеді.

3 тамыздағы сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):

Грек-рим күресі. Ерлер, 87 келі. 1/8 финал
09:05. Нұрсұлтан Тұрсынов — Денис Кудла

Спорттық құзға өрмелеу. Ерлер. Көпсайыс — Speed. Іріктеу
14:00. Ришат Хайбуллин

Бокс. Ерлер. 1/4 финал
14:48. 52 келі. Сәкен Бибосынов — Габриэль Эскобар
15:35. 63 келі. Зәкір Сафиуллин — Гарри Гарсайд

Спорттық құзға өрмелеу. Ерлер. Көпсайыс — Bouldering. Іріктеу
15:00. Ришат Хайбуллин

Спорттық гимнастика. Ерлер — керме. Финал
15:39. Милад Карими

Әртістік жүзу, дуэт. Техникалық бағдарлама
16:30. Екатерина мен Александра Немичтер

Спорттық құзға өрмелеу. Ерлер. Көпсайыс — Lead. Іріктеу
18:10. Ришат Хайбуллин

Комментарий