Жаңалықтар | Новости

Токио Олимпиадасы: 2 тамызда кімдер жарысқа шығады?

2 тамызда қазақстандықтар Токио Олимпиадасының алты спорт түрінен жарыс жолына шығады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ертең грек-рим күресінен әлем чемпионатының жүлдегері Демеу Жадыраев сынға түседі.

2 тамыздағы сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):

Байдарка мен каноэде есу, ерлер мен әйелдер. Іріктеу
06:58. Байдарка-жекелей сын. Наталья Сергеева
07:05. Каноэ-жұптасып, 1000 метр. Сергей және Тимофей Емельяновтар

Жеңіл атлетика. Әйелдер, 200 метр. Бірінші кезең
07:38. Ольга Сафронова

Нысана көздеу. Ерлер, 50 метр, винтовка. Іріктеу
8:30. Юрий Юрков

Грек-рим күресі. Ерлер
08:30. Демеу Жадыраев — Шохей Ябику (Жапония)
15:15. жартылай финал

Әртістік жүзу, дуэт. Еркін бағдарлама
16:30. Екатерина және Александра Немичтер

Су добы. Ерлер. Топтық кезең
16:50. Қазақстан — Аустралия

Комментарий