Жаңалықтар | Новости

Сауатты түсіндірме жұмысы нәтежиесін беруде

Елімізде эпидемиологиялық ахуал қайта ушығып, ауру асқынып кетті. Қызылорда облысы қызыл аймаққа қайта енді. Бас санитар дәрігері үнді штамы мен жалпы ковидтің төртінші толқыны туралы айта бастады. Індет жеткелі бері салмақты жүк медицина саласының мамандарына артылып келеді. Күн демей, түн демей азаматтарды ажалдан арашалап жүрген ақ халатты әріптестерімнің еңбегі орасан.
Осыған байланысты, ЗК-169/1 мекемесіндегі медицина қызметкерлері қамаудағыларға аты шулы қауіпті инфекциядан сақтанудың дұрыс жолы вакцина салдыру жайында сауатты түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Және де ол, нәтежиесін беріп отыр. Атап айтсақ, мекемеге жаңадан келіп түсіп жатқан, айыпталушылар мен тергеудегілер ПЦР тест нәтежиесімен қабылданып отырыды. Бұдан соң оң нәтежие көрсеткен вакцина алмағандарға дұрыс түсіндірме жұмысы жүргізіліп, өз еріктерімен екпе қабылдауға келісімдерін беруде.
– Біздің тергеу изоляторына келіп түскен әрбір істі болған азаматқа еліміздегі эпидахуал жайында түсіндірме жұмысын жүргіземіз. Өйткені алғаш келгендер жалған ақпараттарға сеніп, вакцина қабылдауға күдікпен қарап жатады. Бірақ біздің қызметкерлер оларға алдымен, бұл уақытқа дейін де, ғалымдар оба, шешек, туберкулез сияқты эпидемия болған ауруларға қарсы екпелерді ойлап тапқандығын, жалпы «вакцина» микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін салынатындылығы жайлы түсіндірді. Және вакцинаның маңыздылығы, соның ішінде ұжымдық иммунитет қалыптастыру өмір талабы екендігі жайлы кеңінен айтып, қарапайым тілмен түсіндірдік.
Соның нәтежиесінде дәл бүгінгі таңда мекме қамауындағы жаңадан келіп түскен 25 айыпталушылар мен тергеудегі азаматтарға вакцинаның 1-2 этапы салынды. Бұл нәтежиелі жұмыс әдеттегідей № 6 қалалық емхана дәрігерлерімен бірлесе отырып жүргізілді.

– Мен жақында бостандыққа шығамын. Елімізде болып жатқан жұқпалы ауруға қарсы екпенің екіншісін де алдым. Вирустың бұл түрімен енді балалар да ауруда. Балаларға инфекция вакцина алмаған ата-аналарынан жұғуда. Сондықтан өзімнің және бауыр етім балаларымның денсаулығын ойлағандықтан дұрыс шешім қабылдадым. Бостандықтағы жаңа өмірімде, келеңсіздіктер мен ауру-сырқаулар болмаса екен. Екпе ектіруге күмәнмен қараудың, қажеті жоқ. Вакцина салдыру арқылы Сіз өзіңіздің және өзгелердің өмірін сақтайсыз. — дейді, жаза мерзімін аяқтаған сотталған.

Комментарий