Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда нан қымбаттады

Қазақстанда нан бір жылда алты пайызға қымбаттады, — деп хабарлайды Energyprom.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, 2021 жылдың маусымында елдегі нан бағасы бір жыл бұрынғығы қарағанда 5,9 пайызға өскен. Нан түрлерінің ішінде қарабидай-бидай наны қатты қымбаттаған — бағасы 9,2 пайызға өскен. Бірақ басқа ұн өнімдері одан да айтарлықтай қымбаттаған. Мысалы, макарон бағасы бір жыл ішінде 10,3 пайызға, ал кеспе 11,6 пайызға өсті. Ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 8,2 пайызға қымбаттапты.

Сонымен бірге, биыл бірінші жартыжылдықта нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі төмендеген. Өндірілген өнім көлемі 111 миллиард теңге болды, бұл 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 11,8 пайызға аз.

Жаңа піскен нан өндірісі 21,3 пайызға, 266,6 мың тоннаға дейін азайды. Макарон өнімдері, кеспе, кускус және сол секілді ұн өнімдері 17,9 пайызға, 75,6 мың тоннаға дейін төмендеді. Тек кептірілген нан мен печенье, кондитерлік өнімдер мен ұзақ сақталатын тәтті нандар өнімі сәл өскен.

Бұған дейін көкөністер мен жеміс-жидек қымбаттағаны хабарланған болатын.

Комментарий