Жаңалықтар | Новости

Қызылорда қалалық пробация қызметі  бөлімінің есебінде тұратын  азаматқа  мәжбүрлі еңбек тағайындалды

Мәжбүрлі еңбекке тарту Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 44-бабы 1-бөлігінде көрсетілгендей бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған сотталғандарға қолданылады.

Аталған мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі.

Қызылорда қаласының тұрғыны  Д. есімді азамат Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, жылына 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды.

Қазіргі таңда ол  100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін өтеу үшін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Қызылорда  Тазалығы » ЖШС-не жіберілді. Күніне төрт сағаттан асырылмай мәжбүрлі еңбегін өтеуде.

«Жыл басынан  Қызылорда қалалық пробация есебіндегі 37  азаматқа  сот үкімімен мәжбүрлі еңбек тағайындалған.  Оның 25-і мәжбүрлі еңбегін орындап, пробация есебінен шығарылса, қалған 12 азамат   қоғамдық орындарды зиянды қоқыс заттардан тазалау, абаттандыру, түзету сынды жұмыстар арқылы  жазасын өтеуде»,- дейді қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Б.Наурызбаев.

 

Қызылорда облысыбойынша ҚАЖД

Комментарий