Жаңалықтар | Новости

Сотталғандар дүбірлі додаға елеңдеулі

ЗК-169/1 тергеу изоляторы қамауының шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтар Токио-2020 жазғы олимпиадасы жайлы ақпараттарды ізденіп, қызығушылық танытуда.
Әлем көзін тігіп отырған бұл дүбірлі дода басталғалы бері , Н есімді сотталған газеттің жаңа санының келуін күтіп жүретін болды. Сондағысы, олимпиада жайында ақпараттан хабардар болып отыру. Бүгін міне, « Сыр бойы » газетінен « Әзірге үш қола, жерлестер қашан сынға түседі? деген тақырыптағы мақаланы оқып шықты.
— Мен, бала күнімнен олимпиада ойындарын телидардан көріп тамашалағанды ұнатамын. Бұл жолы жаза басып қылмыс жасап, қамауда отырмын. Ішкі тәртіпке бағынғандықтан тікелей эфирді көре алмадым. Әйтседе, күніне бірер сәт осында келіп, газет беттерін қарап шығып, байрақты жарыстың өтілуі, ондағы жеңіс тұғырын бағындырған спортшыларымыз туралы мағлұмат алып отырамын.
Бүгінгі оқыған мақалада, еліміздің атынан қатысып отырған спортшыларымыздың үш қола жүлдегері атанғанып біліп, қуанып қалдым. Ауыр атлет, 16 жасынан бастап, 3 рет әлем чемпионы атанған Зульфия Чиншанлоның бұл уақытқа дейінгі жеңістері жөнінде бостандықта жүргенде хабардар болғанмын. Қазақстандықтардың олимпиада аяқталғанша алтын медаль иегері де атанатынына сенімдімін.
Олардың жеңіске деген талпынысы мен табандылықтарына тәнті болып, бойымдағы рух-жігерімді жани түсемін- деп аяқтады сөзін қамаудағы азамат.

— Жалпы біздің тергеу изоляторындағы сотталғандармен тәрбие жұмысы барысында, отаншылдық сезімін ояту мақсатында, еліміздегі болып жатқан елеулі оқиғалар жайында ақпараттандырып отырамыз. Бұл олардың өздерін, мемлекетіміздің бір азаматы ретінде сезініп, оң бағытқа өзгеруіне игі ықпал етеді – дейді, мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қ.Олжабаев.

Комментарий