Жаңалықтар | Новости

Бес қалада карантин күшейтілді

Бүгін премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьер денсаулық сақтау министрі мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Атырау облыстары басшылығының өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайы туралы есебін тыңдап, медициналық ұйымдар мен халықты қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен толыққанды және үздіксіз қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады.

Бұл аймақтарда биыл 2 тамызынан бастап мынадай шектеу шаралары күшіне енеді:

  • орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйым қызметін тоқтата тұру;
  • ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
  • мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80 пайызын қашықтан жұмыс жасауға ауыстыру (вакцина салдырғандарды және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды қоспағанда).

Сондай-ақ, Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарының әкімдігіне Нұр-Сұлтан (Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандары), Алматы (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары), Шымкент қалаларымен (Сайрам, Төлеби аудандары), Қарағандымен (Теміртау, Шахтинск, Абай) шекаралас аудандарында карантин шараларды күшейту бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.

Өңірлер әкімдіктеріне шектеулер енгізу және олардың сақталуын бақылау бойынша барлық шараны қабылдау тапсырылды.

Вице-премьер коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күресте мониторинг топтар жұмысының маңыздылығын және барлық өңірде осы бағыттағы белсенділіктің төмендігін атап өтті. ШОБ нысандарын рейдтермен қамтудың барынша төмендеуі Ақтөбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалады. Анықталған заңбұзушылықтар санының төмендеуі Маңғыстау, Павлодар, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында байқалады.

Тоғжанов барлық өңірде мониторинг топтардың жұмысын жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ, вице-премьер еліміздің кейбір өңірлерінде вакцинация қарқыны төмендегенін айтты. Мысалы, Маңғыстау облысында халықтың тек 25,6 пайызы 1-ші компонентпен егілді, бұл республика бойынша орташа мәннен 2 есе төмен (52,4 пайыз). 6 өңірдің (БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар облыстары) көрсеткіштері ел бойынша орташа мәннен айтарлықтай артта.

Бас мемлекеттік санитария дәрігердің 2021 жылғы 14 шілдедегі №32 Қаулысына сәйкес биыл 10 тамызға дейінгі мерзімде қызмет көрсету саласының барлық қызметкер коронавирусқа қарсы вакцинасының бірінші компонентімен екпе алуы тиіс.

Комментарий