Жаңалықтар | Новости

Қазақстандағы алғашқы қашықтан жанармай құю сервисі

Қазақстанда алғашқы рет: көліктен шықпай-ақ автокөлікке жанармай құю

Halyk Bank Қазақстанда бірінші болып Halyk Homebank қосымшасында қашықтан жанармай құю қызметін іске қосты. Атаулы қызмет Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қызылорда, Талғар және Қапшағай қалаларында Сompass ЖҚБ-нің 14 филиалы арқылы іске қосылды.
Енді Compass жанармай құю бекетіне жеткенде, көліктің салонынан шығып, кассада төлем жасау үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ. Halyk Homebank арқылы көліктен шықпай-ақ ұялы телефон көмегімен жанармай құюға болады. Бұл ретте құю процесін ЖҚБ операторы жүзеге асырады.

“Біз жаңа инновациялық қашықтан қызмет көрсету сервистерін түсінікті әрі клиенттерге ыңғайлы болу үшін әзірлеп, оларды өз қызметімізге енгізіуді тоқтатпадық, – деп Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Асқар Смағұлов атап өтті, – серіктесіміз Compass ЖҚБ желісімен дебюттік жоба – бұл тек бастамасы ғана. Жақын болашақта біз оны бүкіл ел бойынша қамтуды жоспарлап отырмыз, бұл автокөлік иелеріне бүкіл Қазақстан бойынша үлкенді-кіші ЖҚБ желілерінде атаулы мүмкіндік пен артықшылықты пайдалануға жол ашады”.

Енді Compass автожанармай құю станциясының кез келген филиалына келіп, Halyk Homebank қосымшасына кіріп, “төлемдер” бөліміне өтіп, одан әрі “жанармай құю” бөлімінде таңдаңыз:
– ЖҚБ;
– баған нөмірі;
– жанармай нөмірі, құю көлемі немесе сомасы;
– кез келген банктің картасын байланыстырыңыз және төлем жасаңыз.

Halyk Bank-тің жаңа қашықтан жанармай құю қызметін қолдана отырып, әр жанармай құю кезінде жұмсалған жалпы соманың 5%-ын бонусын ретінде ала аласыз, оны кейіннен Halyk Club бонустық бағдарламасының серіктестерінің желісінде жұмсауға болады.

Комментарий