Қоғам | Общество

Пробация қызметкерінің ұялы телефон нөміріне бірлік салған әйел 500 мың теңге айыппұл төлейді

Қызылорда қаласында пробация бақылауында жүрген Т.Д. есімді азамат қалалық пробация қызметкерінің ұялы телефон нөміріне 4700 теңге бірлік салған. Заң бойынша бұл заңсыз сыйақы болып табылады.

Пробация қызметкерінің ұялы телефон нөмеріне бірлік салғаны үшін пробациялық есепте тұрған әйел адам 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, – деп хабарлайды Тengrinews.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда қаласында пробация бақылауында жүрген Т.Д. есімді азамат қалалық пробация қызметкерінің ұялы телефон нөміріне 4700 теңге бірлік салған. Заң бойынша бұл заңсыз сыйақы болып табылады.

Пробация қызметкері азаматтың іс-әрекеті туралы өзіндік қауіпсіздік қызметіне баяндаған. Өз кезегінде, заңсыз сыйақы бойынша тиісті акті толтырылып, акт Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіне жолданады. «Лауазымды тұлғаға заңсыз сыйақы бергені үшінаталған азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 676-бабына сәйкес хаттама толтырылып, сот қаулысымен 353500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кету керек, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген қызметкерге немесе оған теңестiрiлген адамға көлемі 2 АЕК (5050 теңге) көрсеткішке дейінгі ақша, бағалы қағаздар, мүлiк немесе қызмет көрсету заңсыз сыйақы болып табылатынын назарда ұстаған жөн. Ал, ақша, бағалы қағаздар, мүлiк немесе қызмет көрсету 2 АЕК-тен асқан жағдайда ол пара болып табылады», – дейді облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Мұрат Ысқақов.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында заңсыз сыйақы беру бойынша 4 әкімшілік іс қозғалып, 1414000 теңге айыппұл салынған.

Комментарий