Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша антирекорд тіркелді

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша екінші күн қатарынан антирекорд тіркеліп жатыр. Кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан 110 адам қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қайтыс болғандардың 86-сы коронавирустың зертханалық расталған жағдайы болса, 24 адам пневмония белгілерімен қайтыс болған.

Комментарий