Жаңалықтар | Новости

Токио Олимпиадасы: 27 шілдеде кімдер жарысқа шығады?

27 шілдеде Токио Олимпиадасында қазақстандықтар 9 спорт түрінен жарыс жолына шығады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ертең дзюдошы Дидар Хамза, боксшылар Абылайхан Жүсіпов пен Василий Левит, сонымен қатар, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин бақ сынасады.

27 шілдедегі сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен): 

Дзюдо. Ерлер, 81 келі. 1/16 финал
08:00. Дидар Хамза – Саид Моллаеи (Моңғолия)

Тхэквондо. Әйелдер, 67 келі
08:00. Жансель Дениз – Светлана Осипова

Теннис. Әйелдер. Жекелей сын
08:00. Елена Рыбакина – Донна Векич (Хорватия)

Теннис. Ерлер. Жекелей сын
08:00. Михаил Кукушкин – Илья Ивашко (Беларусь)

Садақ ату. Ерлер, жекелей сын, 1/32 финал
09:00. Денис Ганькин – Юсуф Тольба (Мысыр)

Тхэквондо. Ерлер, 80 келі
09:45. Руслан Жапаров – Александр Бахманн (Германия)

Су добы. Ерлер
11:00. Қазақстан – Сербия

Бокс. Ерлер. 1/8 финал
14:15. 69 келі. Абылайхан Жүсіпов – Деланте Джонсон (АҚШ)
15:51. 91 келі. Василий Левит – Эммануэль Рейес (Испания)

Жүзу. Ерлер. 200 метр. Брасс
16:50. Дмитрий Баландин.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.

Комментарий