Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда тағы 6 797 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 797 жағдайы тіркелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 26 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы: Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 797 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 542 703-ке жетті», — делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында — 1537,
  • Алматы қаласында — 1207,
  • Шымкент қаласында — 382,
  • Ақмола облысында — 195,
  • Ақтөбе облысында — 175,
  • Алматы облысында — 260,
  • Атырау облысында — 480,
  • Шығыс Қазақстан облысында — 333,
  • Жамбыл облысында — 141,
  • Батыс Қазақстан облысында — 136,
  • Қарағанды облысында — 796,
  • Қостанай облысында — 209,
  • Қызылорда облысында — 163,
  • Маңғыстау облысында — 254,
  • Павлодар облысында — 207,
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 142,
  • Түркістан облысында — 180.

Сонымен қатар, Қазақстанда 2 625 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

  • Нұр-Сұлтан қаласында — 423,
  • Алматы қаласында — 631,
  • Шымкент қаласында — 141,
  • Ақмола облысында — 140,
  • Ақтөбе облысында — 0,
  • Алматы облысында — 68,
  • Атырау облысында — 60,
  • Шығыс Қазақстан облысында — 45,
  • Жамбыл облысында — 148,
  • Батыс Қазақстан облысында — 70,
  • Қарағанды облысында — 249,
  • Қостанай облысында — 190,
  • Қызылорда облысында — 17,
  • Маңғыстау облысында — 177,
  • Павлодар облысында — 182,
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 0,
  • Түркістан облысында — 84.

Елімізде барлығы 452 002 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Оған қоса, ВАК вакцина бойынша мәлімет берді: 2021 жылғы 26 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 188 266 адам, 2-компонентін 3 356 960 адам салдырды.

Комментарий