Жаңалықтар | Новости

Алматы тұрғындары коронавирусты қайда жиі жұқтырады?

Алматы әкімдігі тұрғындар коронавирус инфекциясын жиі жұқтыратын жерлерді атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен аптада Алматыда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1,2 есеге – 5 483 жағдайдан 6 818-ге дейін артты. Тәуліктік өсім 1,3 пайызды құрады. Туыстары және көршілерімен байланыс кезінде инфекция жұқтыру саны 0,2-0,4 пайызға артты. Азық-түлік емес дүкендерде инфекция таралуы жағдайларының саны 0,1 пайызға және қоғамдық тамақтану нысандары- мейрамханаларда, дәмханаларда және асханаларда – 0,2 пайызға, моншалар мен сауналарда – 0,4 пайызға өскен.

Жалпы, санитарлық қызмет статистикасы бойынша соңғы жеті күнде коронавирус жұқтыру негізінен сауда нысандарында – 35 пайыз, отбасындағы байланыстар – 19 пайыз, қоғамдық көлікте – 16 пайыз, базарларда – 14 пайыз, саябақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған көшелерде, демалыс орындарында – 3,6 пайыз тіркелген.

Жас бойынша коронавирус 20-40 жас аралығындағы жастар арасында басым – 38 пайыз, 40-59 жастағы тұрғындар – 25 пайыз және 60 жастан асқан адамдар – 20 пайыз. Басқа жастағы адамдар арасында іс жүзінде көрсеткіш өзгеріссіз.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен демалыс күндері карантинді бұзу бойынша 39 жағдай анықталған. Көбінесе карантин жұмыс режимін, келушілер арасындағы әлеуметтік арақашықтықты сақтамайтын ойын-сауық орындарында бұзылады.

Айта кетейік, өткен тәулікте Алматыда коронавирусты жұқтырудың 1 219 жағдайы анықталды. Осылайша, жыл басынан бері коронавирустың 72 696 жағдайы тіркелген, ал айдың басынан 25 шілдеге дейін – 16 911 жағдай.

Комментарий