Жаңалықтар | Новости

Жапонияда коронавирусқа қарсы дәрі сынақтан өткізіле бастады — БАҚ

Shionogi жапониялық фармацевтикалық компаниясы коронавирусқа қарсы дәріні сынақтан өткізе бастады, — деп хабарлайды «РТ на русском».

Зерттеу туралы мәліметтер The Wall Street Journal газетінде жарияланған. Әңгіме коронавирус жұқтырғаннан кейін күніне бір рет қабылдау қажет препарат жайлы болып тұр.

Компания басшысының сөзінше, дәрі коронавирусты бес күннің ішінде жазып шығады.

Күтілетін нәтижеге байланысты дәріні сынақтан өткізу келесі жылға дейін созылады.

Газет мәліметінше, жапониялық фармкомпания коронавирусқа қарсы дәрі шығару бойынша Pfizer және Merck компанияларымен бәсекелес.

Комментарий