Жаңалықтар | Новости

Профилактикалық  жұмыстар  жүргізілді

БҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің  Орал қалалық пробация қызметінің аға   инспекторлары Б.К.Сарсенов, С.Д.Джумагазиев және Орал қалалық полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты А.Т.Рахметкали және  Орал қалалық пробация қызметінің психологы М.Ж.Сармановпен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған Н. есімді сотталғанның тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріп, сотталғанмен қайталап жасалынатын қылмыстық және өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында әңгімесу сұхбатын өткізді. Сондай-ақ сұхбат барысында сотталғанға «бас бостандығынан шектеу» түріндегі жаза өтеу шарттарымен талаптары қайта түсіндіріліп,  профилактикалық әңгімелесу  жүргізілді.

Алдағы уақытта есепте тұрған сотталғандармен қылмыстық және өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық  жұмыстар  жалғастырыла бермек.

 

БҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің  Орал қалалық пробация қызметінің  бастығы  әділет майоры Т.С. Курманалиев

Комментарий