Жаңалықтар | Новости

  Cуицидтің алдын-алу шаралары

Суицид-бұл нақты психикалық проблемалардың салдары ғана  емес, сонымен қатар бұл көптеген адамдарға әсер ететін түрлі  әлемдік қауіп факторларымен байланысты. Осы іс-шараға  байланысты,  2021 жылы 22 шілде айында  Алматы қаласы Алатау ауданының психолог маманы, жоспарға сәйкес жазасын өтеп жатқан сотталғандар  арасында «Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында қысқаша мазмұндамасы да жеткізілді.

Дәрістен кейін кері байланыс сұхбаты жүргізілді. Сұхбат барысында « адам  баласы не себепті өз-өзіне қол жұмсайды»-деген сұраққа сотталғандар арасында талқыға түсті. Бірі, ол  адамдардың психикасы  бұзылғандықтан, өмірден түнілген, қаражаттың аздығы немесе жоқтығы десе, екіншісі  ата-анасын, айналасындағы қоғамды қорқыту, өзіне қол салу арқылы өзіне көңіл аудару мақсатында жасайды деген пікірлер білдірді.

Менің мақсатым психолог маман ретінде, аға инспекторларымен бірлесе отырып, сотталғандардың болашағын дұрыс бағытта  тәрбиелеу,суицидтің алдын алу, қоғамға осы осы маселенің маңыздылығы туралы білім беру және қажетті ақпаратты жектізе білу.

Алматы қаласы Алатау аудандық пробация инспектор психологы

әділет аға лейтенанты

Абдибаева Дана Улыкпановна

 

Комментарий