Жаңалықтар | Новости

Құқықтық тәртіп профилактикалық іс-шарасы

ҚР ІІМ-нің бастамасымен ШҚО бойынша ҚАЖД Зайсан аудандық пробация қызметі көлемінде 19-23 шілде аралығында «Құқықтық тәртіп» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы.

Аталған іс-шараның басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында олардың тұрғылықты мекен-жайына барып тексеру жүргізіп, қайталама қылмыс жасамауға жол бермеу.

Профилактикалық іс-шараға ШҚО бойынша ҚАЖД Зайсан аудандық пробация қызметінің қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп қызмет атқару барысында: Зайсан аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын Семей қалалық 2 сотының 04.12.2019 жылғы қаулысымен ҚР ҚК 73-бабы бойынша 3 жыл 8 ай 4 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге алмастырылып, сотталған «М » есімді азамат өзіне берілген мерзімін өтеу барысында сот жүктеген міндеттерді орындамай пробация қызметіне қызметіне хабарламай тұрақты мекен-жайында болмағандығы анықталды. Осыған сәйкес Зайсан аудандық пробация қызметіне шақыртылып, ҚР ҚК-нің 176-бабын басшылыққа ала отырып, ресми түрде ескерту жарияланды.

Зайсан аудандық пробация қызметінің инспекторы

әділет аға лейтенанты Ж.Орымханов

Комментарий