Жаңалықтар | Новости

Токио Олимпиадасы: 23 шілдеде кімдер жарысқа шығады?

23 шілдеде Токиодағы Олимпиада ойындары басталды. Алғашқы сайыс күнінде қазақстандықтар екі спорт түрі бойынша жарыс жолына шығады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ертең қазақстандық спортшылар академиялық есу және садақ ату жарысына қатысады. Бірақ бұл жарыстарда медальдар сарапқа салынбайды, тек алғашқы кезеңдер өтеді.

23 шілдедегі сайыс кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):

Академиялық есу

5:50. Алғашқы кезең. Ерлер. Жекелей сын.
Владислав Яковлев

Садақ ату

10:00. Іріктеу. Ерлер.
Денис Ганькин, Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин

17:00. Токио ойындарының ашылу салтанаты.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз арасында өтеді.

Комментарий