Жаңалықтар | Новости

Сотталғандарды  Ораза Айт мерекесімен онлайн режимінде құттықтау

Ағымдағы жылғышілде айының 21жұлдызында Көкшетау қаласы «Жақия қажы» мешітінің наиб имамы Камалаш Серикжан ЕЦ-166/24 мекемесінде жазаларын өтеп жүрген сотталғандардыонлайн режиміндеОраза айт мерекесімен құттықтап, жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайтын сәулелі сәттердің көп болуын тіледі.Кездесу барысында барша халықты ораза айтына аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлік айтып, сотталғандарға Ораза айт мерекесі туралы мағлұмат берді және қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу», «қарымта» деген мағыналарды, сондай-ақ «жыл сайын қайталанып келуші мейрам» дегендібілдіретінін айтып кетті. Бұдан бөлек жазасын өтеушілерге,Мұхаммед пайғамбар Мәдинаға келгенде жергілікті тұрғындардың тойлайтын екі күні болғанын, сонда Алла Елшісі: «Алла Тағала сол екі күннің орнын сендерге олардан әлдеқайда жақсысымен алмастырып, біреуі – Құрбан айт, екіншісі – Рамазан айт», – деген сөздерін келтірді.
Кездесу соңында биыл қасиетті Рамазан айы карантин жағдайында өткенін айта кетіп, Раббымыз дұға-тілегімізді, қасиетті айда жасаған қайырлы амалымызды, берген зекет пен пітір садақамызды қабыл еткенін тіледі.Жақсылық пен амандық, тілей отырып сотталғандардың әрқайсысы өз отбасыларына аман есен оралуларына тілектестік білдірді. Оразадан оразаға дейін аман-есен жете берейік! Жер бетінен жұқпалы дерт жойылып, мерекелі, берекелі сәттерде жүздесуді жазғай! Елімізаман, жұртымыз тынышболғай!Алла Тағала  отыз күн бойы ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, қабылеткей!  Әмин! – деп тәмәмдәп, алда тағы кездесулер болатынын айтты.

Комментарий