Жаңалықтар | Новости

Эпидемия кезінде туберкулезбен ауыратын сотталғандардың жағдайы қандай?

Елімізде жазалау орнына түскендер, бостандығынан айырылғанымен, ем алу құқына шектеу қойылмайды. Осы орайда, ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы айыпталушылар мен сотталғандар ҚАЖ департаментінің нұсқаулығына сәйкес, мекеме қамауына келіп түскен кезде, босатылар алдында немесе айдауылданып кететін кезде және алты ай сайын флюорографиялық тексеруден өтеді.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде 8 жарым миллион адам туберкулезбен ауырып, 1 миллионнан астамы осы кеселден көз жұмады екен. Ал, егер елде 100 мың тұрғынға шаққанда 50 адам ауырса, бұл эпидемия болып саналады. Қазақстанда 2018 жылға дейін туберкулез эпидемиясы болды. Алайда, пандемия басталғалы туберкулезге шалдыққан науқастар саны едәуір азайды десек те, ЗК-169/1тергеу изоляторы қамауына келіп түскен азаматтар арасында « құрт ауруының » алдын алу және профилактикалық шаралар негізіндегі жұмыстар үнемі атқарылып келеді.

Мекеме қамауына жаңадан келіп түскен айыпталушылар мен сотталғандар толық медициналық тексеруден өткізіледі.

— Бұл тексеріс, ҚР ІІМ 2017жылғы 12 қарашадағы № 728 бұйрығына және № 994 « Туберкуллез ауруы бойынша мекемелердегі профилактикалық шараларды жүргізу туралы» бұйрықтарды басшылыққа ала отырылып атқарылады. Атқарылатын шара барысында, міндетті түрде ВИЧ-ке қан тапсырып, өкпесін рентгенге түсіреді. Терапевт, фтизиатордың бақылауынан өткізіліп, сотталғандардың ауру немесе ауру емес екені анықталады. Туберкулез анықталса, науқас дәрігерлік бөлім палатасына оқшауланады. Мекемеде 0, 5 бірлікпен жұмыс жасайтын Асқарова Алма есімді білікті фтизиатор дәрігер жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда мекеме қамауындағы 3 сотталған ем-домын қабылдауда. 41 жаңадан келген сотталған рентгеннен өтті.
Сонымен қатар, Қызылорда қалалық фтизо-пульмонология орталығымен байланысып, тегін дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етіп отырамыз.

Туберкуллез індетімен ауыратын науқастардан қақырық сынамаларын алу алгоритімін және құжаттамаларды сапалы толтыру мақсатында мекеменің медбикесі, әділет старшинасы А.Егізбева Облыстық Фтизопульмонология орталығында «Туберкуллез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту тақырыбы бойынша » оқу курсынан өтті. – деп, жалпы сипаттама берді медицина бөлімінің фелдшері әділет лейтенанты Н.Талғат

Ия, ентігу, әлсіздік және 2 аптадан ұзаққа созылатын дене қызуы тек коронавирус инфекциясының ғана емес, туберкулездің де белгілері болуы мүмкін екенін еске алсақ, бұл ауру КВИ-ден кем түспейді. Оның үстіне, үнемі мутацияға ұшырап, дәрі-дәрмекке төзімді болып келеді екен. Сондықтан, эпидемия кезіндегі тергеу изоляторы қызметкерлері
« әлеументтік ауру» болып есептелінетін бұл ауру түріне аса назар аударып,олардың ас мәзіріне де ерекше мән беріп отыр. Өйткені, иммундық жүйе нашарласа, адамның туберкулезбен ауыру ықтималдылығы жоғарылайды. Осыған орай, бүгінгі таңда медицина бөлімінің арнайы палатасындағы үш сотталғанға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысына сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-профилактикалық мекемелерінде стационарлық және амбулаториялық емделудегі туберкулезбен ауыратын науқастарды тамақтандырудың № 7 заттай нормасы негізінде ас мәзірі дайындалып беріледі.

Туберкулездің қоздырғышы- микробактериялар, яғни ауа-тамшыларымен таралатын және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамитын қауіпті ауру екенің ескерсек, дәл қазіргі жұқпалы індет « ушығып» тұрған кезеңдегі тергеу изоляторы қызметкерлерінің жоғарыдағы атқарып жатқан істері,қоғам қауіпсіздігі, оның басты құндылығы азаматтардың денсаулығы үшін жасап жатқан игі ісі деп білейік.

Комментарий